• Нәрестелерде метеоризм, шаншу кезiнде;
  • Ішектің функционалдық бұзылыстарын емдеу үшін.
Халықаралық патенттелмеген атауы — Симетикон

АСҚАЗАН-ІШЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫН
ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ПРЕПАРАТТАР

Қолданылуы:

  •  — газдардың шамадан тыс түзілуімен туындаған асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылуларды емдеу үшін, мысалы, метеоризмде, нәрестелерде шаншу кезiнде (үш айлық шаншулар);
  •  — іш қуысы ағзаларын диагностикалық зерттеулерде қосымша зат ретінде, мысалы, рентгенологиялық зерттеулерде, іш қуысы мүшелерінің УДЗ және гастроскопияда;
  •  — беткейлік-белсенді заттармен улануда көбік жойғыш ретінде.

Дәрілік препараттың құрамы:

  • Бір мл ішуге арналған тамшылардың құрамында әсер етуші зат: симетикон 40 мг

Дозалау:

Газ түзілуінің жоғарылауынан туындаған асқазан-ішек бұзылуларында нәрестелердегі ішек шаншулар симптомдары
ЖасыБір реттік доза тамшылармен (мл)Ең жоғары тәуліктік доза
Жаңа туған нәрестелер25 тамшы
(1 мл = 40 мг)
4 × 25 тамшы
(4 мл = 160 мг)
Нәрестелер (4 аптадан 12 айға дейін)25 тамшы
(1 мл = 40 мг)
6 × 25 тамшы
(6 мл = 240 мг)
Балалар (12 айдан 6 жасқа дейін)25 тамшы
(1 мл = 40 мг)
23 мл = 940 мг
Балалар мен жасөспірімдер (6-дан 14 жасқа дейін)25-50 тамшы
(1–2 мл = 40-80 мг)
Қатысы жоқ
Ересектер50-75 тамшы
(2–3 мл = 80-120 мг)
Қатысы жоқ

Эспумизан® L балаларға арналған тамшылар препаратын жүктілік және бала емізу кезінде пайдалануға рұқсат етілген.

Босатылу шарттары рецептісіз.

Эспумизан® L балаларға арналған тамшылар дәрілік затын тағайындау және қолдану алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығу керек. 

Өз бетімен емделу денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін.